30 қараша 2018 жылы «Айналайын»  бөбекжайында  «Жұлдыз» ІІ кіші топта  «Түңғыш Президент» күніне орай ашық- әңгіме  сабағы өтті.

Сабақтың мақсаты: балалардың Отан сүйгіштігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.

Балалар сабақты мемлекеттік Әннұранынан бастады. Елбасымызға арналған тақпақтарын айтты. Балалар сабаққа қызыға қатысты. Қазақтың ұлттық «Ханталапай», «Ат жарыс» ойындарын  ойнады.