Кульмаганбетова Айткуль Женисовна — «Айналайын» бөбекжайының директоры.

   1992 жылы Қарағанды педагогикалық институтының «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» факультетін бітірген. 2014 жылы Қарағанды қаласындағы «Болашақ» университетінің «Мектепке дейінгі тәрбие» факультетін сырттай оқып, бітірді. Педагогикалық еңбек өтілі 23 жыл 3 ай. Оның ішінде 9 жыл мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Жоғары деңгейдегі жоғары біліктілік санатты тәжірибелі ұстаз. 2005 жылдың 2 тамызынан бастап «Айналайын» бөбекжайының директоры болып тағайындалды.

   2005 жылдың 24 қазанында ашылған «Айналайын» бөбекжайы Приозерск қаласының тарихындағы оқу тәрбие үрдісі мемлекеттік тілде жүргізілетін алғашқы мектепке дейінгі мекеме.

   Қызмет ету бағыты бойынша жалпы дамыту үлгісіндегі бөбекжай. «Айналайын» бөбекжайы 140 орынға арналған. Барлығы 6 топ құрылған. Бақшада 43 адам қызмет етеді. Оның 21 — і педагог-мамандар. Педагогтардың сапалық құрамы: жоғары деңгейдегі жоғары біліктілік санатты −1, жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатты-3, орта деңгейдегі бірінші біліктілік санатты −2, жоғары деңгейдегі екінші біліктілік санатты-5, орта деңгейдегі екінші біліктілік санатты-4, біліктілік санаты жоқ-6. Балабақша толығынан қазіргі заманның талабына сай жаңа құрал-жабдықтармен, әсем жиһаздармен, тұрмыстық техникасымен, интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген, интернет жүйесіне қосылған.

   2007 жылы «Балалық шақ»-Друг детство" атты Республикалық Бірінші Ұлттық байқауға қатысып, «Айналайын» бөбекжайы Республикадағы үздік балабақшаның бірі деп танылып, дипломмен марапатталды.

   2008 жылы «Айналайын» бөбекжайы Республикадағы үздік балабақшалардың бірі ретінде Алматы қаласында жарық көрген «Балалар -әлемнің ажары» атты кітапқа енді.

   2008 жылы «Айналайын» бөбекжайы «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты қалалық шығармашылық байқауға қатысып, «көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Бөбекжайда «Айналайын» атты қыздар волейбол, баскетбол командасы құрылып, түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленді. «Айналайын» бөбекжайының тәрбиеленушілері түрлі тақырыптағы қалалық, облыстық респуликалық байқауларға қатысып отырады.

   2008 жылы, 2012 жылы «Еркетай» фестивальіне балабақшаның 3 тәрбиеленушілері қатысып, жүлдемен оралды. 2010 жылы Облыстық зияткерлік «Зерек бала» сайысына 3 тәрбиеленуші қатысып, жүлделі II, III, IV орындарды иеленсе, 2011 жылы 2 тәрбиеленуші қатысып, жүлделі IV орындарды иеленді.

   2011, 2012 жылдары Қарағанды қаласында өткен «Кішкентай ханша», «Кішкентай ханзада» байқауларына 3 тәрбиеленуші қатысып, жүлделі оралды.

   2013 жылы наурыз айында Алматы қаласында өткен «Первые шаги» Республикалық байқауында хореография жанры бойынша 6 тәрбиеленушіміз 1-орынды иеленіп, алтын медальдармен, вокал жанры бойынша 1 тәрбиеленушіміз 3-орынды иеленіп, қола медальмен оралды.

   2014 жылы да Алматы қаласында өткен «Первые шаги» Республикалық байқауында хореография жанры бойынша 12 тәрбиеленушіміз татар халқының биін тамаша орындап 1-орынды иеленіп, алтын медальдармен оралды.

   2014 жылдың 21 желтоқсанында ел ордасы Астана қаласында өткен, Халықаралық «LUCKY PEOPLE» өнер ассоциациясының «Евразия жұлдыздары» жобасы бойынша, халықаралық «Жаңа жылдық карнавал» балалар мен жасөспірімдер өнері бойынша өткізілген байқау фестиваліне «Айналайын» бүлдіршіндері қатысып қоржынды жүлделі орындармен толтырып қайтты. «Өнерге әркімінің де бар таласы» демекші біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерінің ән айту, би билеу өнерлерін көрсетіп әділқазылар алқасына таңдай қаққызды. Байқаудың ең кішкентай қатысушылары болып 4-ші топтың 4 жасар «Айналайын» бишілер тобы «Көбелектер әлемі» биімен 1 орынға ие болды. 6-шы топтың мың бұралған биші қыздары «Шебер қыздар» биін билеп, 2- ші дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды. Сонымен қоса бала бақшаның әншілері де вокал номинациясы бойынша жеңістерге жетті. 1-ші дәрежелі лауреатты 4-жасар Бекен Әсел, 2-ші дәрежелі лауреатты Әлімхан Дарын, 2-ші дәрежелі лауреатты Тұрдыбай Назерке алды. Тілеп қобыз сарайының сахнасын бағындырған бүлдіршіндер осылай қаламыздың, бала бақшамыздың мақтанышына айналды.

   2015 жылы сәуір айында Қарағанды қаласында «Алғашқы қадам» облыстық байқауы өтті. Бұл байқауға қатысқан біздің бишілеріміз 1-орынды жеңіп алды.Ал осы балаларды биге, әнге баулып жүрген жетекшілері: бөбекжай музыка жетекшісі М.А.Сүлейменов, хореограф П.М.Нуршаева және «Айналайын» бөбекжайы байқауды ұйымдастыру орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

   Сонымен қатар біздің бөбекжай тәрбиеленушілері зияткерлік сайыстарға да белсене қатысады. Атап айтсақ, «Зерек бала», «Пони», «Үркер» жүлделі орындарға да ие болып жатады. 2015 жылы Сұлтан Аружан атты тәрбиеленушіміз «Үркер» зияткерлік сайысында 2- жүлделі орынды алып, дипломмен марапатталды, ал бірнеше балаға қатысқаны үшін сертификат берілді.Ал балаларды дайындаған тәрбиеші Ж.Ж.Кульмагамбетоваға зияткерлік сайыстарды ұйымдастыру орталығының алғыс хаты тапсырылды.

   2009 жылдың қараша айынан бастап балабақшада «Саулық пен Сымбат» бағдарламасы бойынша тәжірибелік эксперименттік жұмыстар жүргізіліп келді. 2013 жылы балабақша директоры Айткүл Жеңісқызы мен балабақша психологы Айтжамал Қасымқызы екеуі бірлесіп, «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту» тақырыбында жоба,бағдарлама жасап, облыстық эксперттік кеңесте қорғады. Қазіргі уақытта балабақшада осы бағдарлама бойынша жұмыс жүргізілуде.

   Балабақша педагогтары облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, педагогикалық оқуларда, байқауларда, басылымдарда өзінің іс тәжірибесімен көрініп жүрген ұстаздар.Атап айтатын болсақ,

   2011 жылы жыл сайын ұстаздар мерекесі қарсаңында өткізілетін облыс әкімінің сыйлығына талаптану байқауына директор Кульмаганбетова А.Ж. қатысып, облыс әкімінің білім саласындағы сыйлығы мен қалалық мектепке дейінгі мекеменің үздік педагогы номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

   2011 жылы қазан-қараша айларында өткізілген «Білім ұясы: «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым педагогы» Республикалық конкурсының облыстық кезеңіне белсенді қатысқаны үшін директор Кульмаганбетова А.Ж. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

   2012 жылы Қарағанды қаласында өткен Облыстық «Талантты тәрбиеші-2012» байқауына тәрбиеші Сагатова Т.Ж. қатысып, жүлделі І орынды иеленіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды және бағалы сыйлық берілді.

   2012 жылы қараша айында Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің ІІІ облыстық кезеңінде директор Кульмаганбетова А.Ж. мектепке дейінгі білім берудің педагогы номинациясы бойынша ГРАН-ПРИ-мен марапатталды.

  2012 жылғы 13-15 желтоқсанда Алматы қаласында өткен инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі VII Республикалық фестиваліне директор Кульмаганбетоваға қатысқаны үшін сертификат берілді.

  2013 жылы 23 сәуірде Қарағанды қаласында «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы Бірінші Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінде директор Кульмаганбетова А.Ж. мен педагог-психолог Куандыкова А.К. ІІ дәрежелі жеңімпаз дипломымен марапатталды.

  2013 жылы 26-28 маусымда Алматы қаласында өткен «Педагогтың кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» атты білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық педагогикалық оқуларының секция жұмысына директор Кульмаганбетова А.Ж., педагог-психолог Куандыкова А.К. қатысып, «үздік ондық» қатарынан көрінді, сертификат берілді.

  2013 жылы 2 тамызда Шымкент қаласында өткен «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мектепалды даярлықтың басты міндеттері» тақырыбындағы Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясына директор Кульмаганбетова қатысып, бөбекжай іс-тәжірибесімен бөлісіп қайтты.

  2013 жылы 15 тамызда қалалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында

директор Кульмаганбетова А. Ж. және педагог-психолог Куандыкова А.К.

баяндама оқыды.

  2013 жылы 21 тамызда Қарағанды қаласында өткен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты тамыз кеңесінің секция отырысында директор Кульмаганбетова А.Ж. «Айналайын» бөбекжайының іс- тәжірибесімен бөлісіп, баяндама оқыды.

  2013 жылы жыл сайын ұстаздар мерекесі қарсаңында өткізілетін облыс әкімінің сыйлығына талаптану байқауына тәрбиеші Т.Ж.Сағатоваға қатысқаны үшін сертификат берілді.

  2013 жылы 17-18 қазанда Астана қаласында өткен «Монтессори-педагогиканы Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде түзете-дамытып оқыту және тәрбиелеу үрдісіне енгізу» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға бөбекжай директоры Кульмаганбетова А.Ж. мен бөбекжай педагог-психологы Куандыкова А.К. қатысып, конференцияның пленерлық отырысында баяндама жасады.

  2013 жылы шілде айында бөбекжайда 3-6 жасқа дейінгі балалар үшін жабдықталған Монтессори кабинеті ашылды. Монтессори кабинеті бес негізгі аймаққа бөлінген: күнделікті өмір жаттығулары, сенсорлық дамыту,метематикалық, тілдік және ғарыштық.Монтессори кабинетінің салтанатты ашылу рәсіміне қалалық білім бөлімінің басшысы Г. К. Касимова,білім бөлімінің бас маманы С.Т. Ахметова, Астанадан келген қонақтар: Республикалық балаларды оңалту орталығының монтессори педагогтары С.Б. Шарипова, Н.К.Ахметчина және қаламыздың мектеп, балабақша басшылары қатысты.Монтессори педагогтары Сәндігул Бекайдарқызы мен Назгуль Кориковна балабақша қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті.

  2014 жылғы 13-14 ақпанда Қарағанды қаласында өткен «Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесі» атты аймақтық семинар-практикумға бөбекжай директоры мен психологы қатысып, «Айналайын» бөбекжайындағы инклюзивті тәрбие жөнінде баяндама жасады. Семинар-практикумға қатысқаны үшін Айткуль Женисовнаға және Халида Кабулановнаға сертификаттар берілді.

  2014 жылы 26 ақпанда Қарағанды қаласында өткен «Өзін —өзі тану —жаңа заман педагогикасы» тақырыбындағы ІІ Облыстық ғылыми-практикалық конференцияға бөбекжай тәрбиешілері Досаева А.А., Саккулова Х.К. қатысып, секциялық отырысында «Мектепке дейінгі мекеменің және отбасының рухани-адамгершілік тұрғыда  оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі өзара әрекеттестігі» тақырыбында шеберлік сынып көрсетті.

2014 жылғы 29-30 мамырда Астана қаласында өткен «Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының біліктілігін арттыру: балаларды ерте жастан дамытуды ұйымдастырудағы отандық және халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға бөбекжай директоры мен педагог-психологының қатысқаны үшін сертификат берілді.

2014 жылғы 23-27 маусым аралығында «Айналайын» бөбекжайы мемлекттік аттестаттаудан өтті.Аттестаттау комиссиясы бөбекжайдың жұмысын «өте жақсы» деп бағалады.

2014 жылғы 30 маусымда Қарағанды қаласында облыстық кеңесте «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың аралық есебін бөбекжай директоры мен психологы тапсырып, «өте жақсы» қорғап шықты.

2014 жылы 26 тамызда облыстық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында бөбекжай директоры бейнеқосылу арқылы «Айналайын» бөбекжайының іс- тәжірибесі туралы баяндама жасады.

2014 жылғы 21қарашада VIII Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңіне бөбекжай директоры мен психологы екеуі қатысып, ІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

2014 жылғы 11-12 желтоқсанда Алматы қаласында VIII Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінде бөбекжай директоры Кульмаганбетова А.Ж.мен бөбекжай психологы Искакова Х.К. екеуі қатысып, «Жаңашыл педагог» номинациясынның жеңімпазы грамотасымен марапатталды.

2015 жылғы 24 ақпанда Қарағанды қаласында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық және қазіргі заманғы технологиялар» тақырыбындағы мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің ІІІ Облыстық ғылыми-практикалық конференциясына бөбекжай директоры мен әдіскері қатысып, пленарлық отырыста бөбекжай директоры Айткуль Женисовна мектепке дейінгі ұйымдағы инклюзивті тәрбие туралы баяндама оқыды, ал секциялық отырыста бөбекжай әдіскері Дурия Мырзабековна «Қызықты математика» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.

2015 жылғы 30 сәуірде Приозерск қаласы «Айналайын» бөбекжайында «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори технологиясын енгізу» тақырыбында облыстық семинарды ұйымдастырып, өткізуге бөбекжай ұжымы өз үлесін қосты.

Семинарға Ақтоғай , Ұлытау, Шет, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Жаңарқа аудандарының және Балқаш, Приозерск қалаларының мектепке дейінгі мекеме басшылары мен әдіскерлері және білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.

Семинардың модераторы жобаның ғылыми жетекшісі С.С.Контаев, семинар кеңесшілері Қарағанды облысының Білім беруді дамыту орталығының әдіскері Бугубаева А.Д., Приозерск қаласының Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Чалгинбаева А.Қ.

Бөбекжайда тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарға байланысты 8 зертхана ашылған.Осы зертханалар жұмысын тәрбиешілер 9 шеберлік сыныбы арқылы көрсетті. Атап айтсақ, «Қызықты математика», «Білімпаз», «Ғажайып орта», «Саулық пен сымбат», «Сиқырлы тіл», «Жас шебер», «Қиқар дыбыстар», «Қызықты әлем», «Жас өнерпаз» тақырыбындағы шебер сыныптары өткізілді.

Семиар соңында талдау, қорытындылау жұмысы жүргізілді.Әдістемелік тұрғыда семинар өте жоғары деңгейде өтті.

2015 жылы мамыр айында Алматы қаласында өткен «Әдістемелік қызмет және оның даму болашағы» тақырыбындағы Республикалық семинарға бөбекжай әдіскері Д.М.Хизирова қатысып, секциялық отырысында баяндама жасады.

2015 жылы қазан айында ұстаздар күніне арналған білім беру мекемелерінің ұжымдары арасындағы қалалық ІІ Спартакиадаға бөбекжай қызметкерлері барлық спорт түрлеріне қатысты. Осы спартакиадада дойбыдан Искакова Х.К.1-орынды иеленді,2-орынды Исиркова Г.; жүзуден Қырықбаева 2-орынды иеленді; дартстан Советова А. 2-орынды иеленді, қол күрестен Қартов Р. 2-орынды иеленді.

2015 жылы қыркүйек айында Көкшетау қаласында өткен «За здоровьем в детский сад» атты Республикалық сырттай байқауға бөбекжай директоры Кульмаганбетова А.Ж. мен бөбекжай педагог-психологы Искакова Х.К. қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Балабақша ұжымы: «Мақсатымыз жаңа буын, жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысу, еліміздің келешегі үшін еңбек сіңіру», — деп түсінеді.