Бiз туралы
2005 жылдың 24 қазанында ашылған «Айналайын» бөбекжай - бақшасы Приозерск қаласының тарихындағы оқу тәрбие үрдісі мемлекеттік тілде жүргізілетін алғашқы мектепке дейінгі мекеме.
Қызмет ету бағыты бойынша жалпы дамыту үлгісіндегі бөбекжай бақшасы. «Айналайын» бөбекжай- бақшасы 140 балаға арналған. Барлығы 6 топ құрылған. Бақшада 45 адам қызмет етеді.Оның 22-сі педагог-мамандар. Педагогтардың сапалық құрамы: жоғары деңгейдегі жоғары біліктілік санатты -1, жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатты-2, орта деңгейдегі бірінші біліктілік санатты -2, жоғары деңгейдегі екінші біліктілік санатты-7, орта деңгейдегі екінші біліктілік санатты-4, біліктілік санаты жоқ-6.

















