І. Жалпы ережелер
1.1.Осы регламент «Айналайын» бөбекжайы комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (Бұдан әрі бөбекжай ) жұмысын ұйымдастыру ретін анықтайды. Ол Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырындағы № 499 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі- ережесінің талаптарына сай жасалған.
1.2. Бөбекжай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы болып табылады.
1.3.Регламент талаптарының орындалуына, іс -қағаздарын дұрыс және уақытында жүргізілуіне, құжаттардың есепке алынуына, сақталуларына жауаптылық бөбекжай директорына жүктеледі.
1.4. Бөбекжайдың барлық буындарында Регламент және іс қағаздарын жүргізу тәртібі Ережелерінің орындалуын бөбекжайдың директоры тікелей немесе әдіскер арқылы жүргізеді.
1.5. Бөбекжай қызметкерлерін марапаттауға, оларға сыйлық табыстауға ұсыну бөбекжай директорына жүктеледі.
1.6.Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлер яғни тәрбиешілер жұмыс тәртібі және іс қағаздарын жүргізу жұмысы жөнінде әдіскерден, ал кіші қамту қызметкерлері шаруашылық меңгерушісінен жұмыс тәртібі жөнінде нұсқау алады.
1.7. Бөбекжайдың жұмыс тәртібі, қызметкерлер мен кіші қамту қызметкерлері құқықтары мен міндеттерін белгілеу сол салаға жетекшілік ететін әдіскермен, шаруашылық меңгерушісімен келісіліп, бөбекжай директорының бекіткен лауазымдық міндеттерімен анықталады.
1.8. Бөбекжайға екі жастан бес (алты) жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, бағуды, күтуді қамтамасыз етеді.
1.9.Бөбекжай-бақшаның негізгі міндеттері:
1) мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдеу;
2) мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту;
3) мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білім құмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту;
4)балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау;
5) тәрбиеленушілердің ата-аналарымен бірлесе жұмыс істеу;
6) мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтін отбасыларына әдістемелік, диагностикалық және консультативтік көмекті ұйымдастыру.
1.10. Осы регламентке жаңа ереже енгізу немесе қолданыстағы ережелерді өзгерту білім бөлімінің басшысының бұйрығы арқылы жасалады.
ІІ. Жұмысты жоспарлау
2.1.Бөбекжайдың жұмысы жылдық мерзімге бөбекжай қызметкерлері ұсыныстарының, ҚР «Білім туралы» Заңының негізінде бөбекжай директорымен келісуі арқылы жоспарланады және бекітіледі.
2.2.Жылдық жоспар негізінде тәрбиешілер, дене тәрбиесінің нұсқаушысы, музыка жетекшісі айлық жоспар құрады. Әр айдың 25 күніне дейін келесі айдың айлық жоспарын әдіскер тексереді, бөбекжай директоры бекітеді.
2.3.Әр топтың тәрбиешісі балалардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған апталық күн тәртібі бойынша жұмыс істейді.
2.4. Приозерск қаласы әскери бөлімшелерінің сұраныстарын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы негізінде 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөбекжай тәрбиешілерінің жұмыс тәртібі таңертеңгі сағат 7.30 —да басталып , кешкі сағат 19.30-ға дейін ұзартылды.
2.5.Бөбекжай тәрбиешілері күніне 6 сағаттан 2 ауысымда жұмыс істейді.
Бөбекжайдағы тәрбиешілердің ауысым уақыты түскі сағат 13.30-да.
ІІІ. Бөбекжайдағы тәрбиелеу-білім беру үрдісін ұйымдастыру
3.1.Бөбекжайдағы тәрбиелеу-білім беру үрдісі мектепке дейінгі тәрбиенің, оқытудың мемлекттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген бағдарламаларға және оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады және мектепке дейінгі ұйымның Жарғысымен айқындалады.
3.2.Бөбекжай мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын сақтау шартымен тиімді тәрбиелеу —білім беру үрдісін қамтамасыз ету үшін ( баланың жеке басының шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік негіздерін және салауатты өмір салтын қалыптастыру) педагогтарға баламалы авторлық бағдарламаларды таңдау, қолдану, тәрбиелеудің, оқытудың және сауықтырудың жаңа технологияларын енгізу құқығын береді.
3.3.Бөбекжайда тәрбиелеу- білім беру міндеттерін тиімді шешу үшін педагогикалық кеңес құрылған.
3.4.Тәрбиелеу-білім беру үрдісінің негізгі субъектілері балалар, ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар, тәрбиешілер және басқа да педагогтар болып табылады.
3.5.Тәрбиелеу- білім беру үрдісін қамтамасыз етуде бөбекжайдағы әр балаға мыналарға кепілдік беріледі:
1) оның өмірі мен денсаулығын сақтау;
2) оның қадір-қасиетін қорғау;
3) дене, моральдық немесе психикалық зорлықтың барлық нысандарынан қорғау;
4) оның шығармашылық қабілеттері мен ынтасын дамыту;
5) сапалы мектепалды даярлау.
3.6.Бөбекжай мен ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы бөбекжай-бақшаға қабылдаған кезде жасалатын Шартпен реттеледі.Шартта баланың бөбекжайға бару режимі, тамақтану саны, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және мерзімі, бөбекжайда баланы ұстау ақысының мөлшері айқындалады.
4.Бөбекжайдың жұмысының жалпы ұйымдастырылуы
4.1. Бөбекжай :
1) өз Жарғысымен белгіленген функциялардың орындалуын;
2) білім беру бағдарламаларының толық көлемде іске асырылуын;
3) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сапасын;
4) білім беру үрдісін ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, бейімділігіне, қабілеттеріне, ынталары мен қажеттілігіне сәйкестігін;
5) білім беру үрдісі кезінде балалардың және бөбекжай қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
4.2. Бөбекжай мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандартына сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды қамтамасыз етеді.
4.3.Бөбекжай балаларға тұрақты медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, оны бөбекжайдың штатына кіретін медициналық қызметкерлер жүзеге асырады.
4.4. Бөбекжай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын ескере отырып балаларды үйлесімді тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Бөбекжайда балаларды тамақтандыру жұмыс режимін ескере отырып ұйымдастырылады, оның берілу саны бөбекжай мен ата-аналар арасында жасалатын Шартпен айқындалады.
4.5. Шағын учаскеде тұратын отбасыларды және балаларды әлеуметтік- педагогикалық қолдау мақсатында бөбекжай консультациялық пункттердің жұмысын қамтамасыз етеді.
4.6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының, деңгейі мен сапасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаменті балабақшаларда мерзімділігі бес жылда бір рет мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді. Жаңадан құрылған бөбекжай-бақшаларды аттестаттау үш жылдан кейін өткізіледі.
4.7. Бөбекжайды тікелей басқаруды бөбекжайдың құрылтайшы тағайындайтын директоры жүзеге асырады.
4.8.Бөбекжайдың директоры:
1) бөбекжайдың атынан іс-әрекет жасайды, барлық мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда, кәсіпорындарда оның мүддесін білдіреді;
2) қаражаттарды басқарушы болып табылады, шарттар жасайды, сенім хаттар береді, банктерде есептік және басқа да шоттар ашады;
3) өзінің құзіреті шегінде бөбекжай қызметкерлерінің орындауы міндетті бұйрықтарын шығарады, тәртіптік жазаға тартады;
4) кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару құқығын пайдаланады;
5) белгіленген тәртіппен бөбекжайды және қызметкерлерді аттестаттауды жүргізуді ұйымдастырады, аттестаттау нәтижелерін кадрларды орналастыруда ескереді;
6) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және санитарлық-гигиеналық нормалар талаптарына сәйкес бөбекжайдағы тәрбиелеу-білім беру үрдісін жүзеге асыру үшін жағдай жасайды;
7) балалардың мүдделерін, отбасының қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған қосымша қызметтерді ұйымдастырады;
8) баланы бөбекжайға қабылдаған кезде ата-анасын немесе оларды алмастыратын тұлғаларды бөбекжайдың Жарғысымен, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін құжаттармен таныстырады;
9) бөбекжайға бекітілген мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналар:
Бөбекжай тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтарын бұзғаны;
өзінің құзіретіне жататын функцияларды орындамағаны;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын орындамағаны;
бөбекжай тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің оқу-тәрбие үрдісі барысында өмірі мен денсаулығы;
қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражаттарды нысаналы пайдаланбағаны үшін жауап береді.
4.8. Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру ҚР Президентінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Өтініш жауабы ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес өтініш беру тілінде жүргізіледі.
4.9.Азаматтарды қабылдау кестеге сәйкес жүргізіледі. Азаматтарды қабылдау бойынша карточкаларды жүргізу хатшыға жүктеледі.
«Айналайын» бөбекжайы"
КМҚК —ның директоры А. Кульмаганбетова












