2005 жылдың 24 қазанында ашылған «Айналайын» бөбекжай - бақшасы Приозерск қаласының тарихындағы оқу тәрбие үрдісі мемлекеттік тілде жүргізілетін алғашқы мектепке дейінгі мекеме.
Қызмет ету бағыты бойынша жалпы дамыту үлгісіндегі бөбекжай бақшасы. «Айналайын» бөбекжай- бақшасы 140 балаға арналған. Барлығы 6 топ құрылған. Бақшада 45 адам қызмет етеді.Оның 22-сі педагог-мамандар. Педагогтардың сапалық құрамы: жоғары деңгейдегі жоғары біліктілік санатты -1, жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатты-2, орта деңгейдегі бірінші біліктілік санатты -2, жоғары деңгейдегі екінші біліктілік санатты-7, орта деңгейдегі екінші біліктілік санатты-4, біліктілік санаты жоқ-6. Балабақша толығынан қазіргі заманның талабына сай жаңа құрал-жабдықтармен, әсем жиһаздармен, тұрмыстық техникасымен, интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген, интернет жүйесіне қосылған.Балабақшада «Қарлығаш» атты мектепалды даярлық тобы бар.Онда 25 бала тәрбиеленуде.
2007 жылы «Балалық шақ»-Друг детство» атты Республикалық Бірінші Ұлттық байқауға қатысып, «Айналайын» бөбекжай-бақшасы Республикадағы үздік балабақшаның бірі деп танылып, дипломмен марапатталды.
2008 жылы «Айналайын» бөбекжай-бақшасы үздік балабақшалардың бірі ретінде «Балалар -әлемнің ажары» атты кітапқа енді.
2008 жылы «Айналайын» балабақшасы «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты қалалық шығармашылық байқауға қатысып, «көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Балабақшада «Айналайын» атты қыздар волейбол, баскетбол командасы құрылып, түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленді. «Айналайын» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері түрлі тақырыптағы қалалық, облыстық респуликалық байқауларға қатысып отырады.
2008 жылы, 2012 жылы «Еркетай» фестивальіне балабақшаның 3 тәрбиеленушілері қатысып, жүлдемен оралды. 2010 жылы Облыстық зияткерлік «Зерек бала» сайысына 3 тәрбиеленуші қатысып, жүлделі II, III, IV орындарды иеленсе, 2011 жылы 2 тәрбиеленуші қатысып, жүлделі IV орындарды иеленді. 2011,2012 жылдары Қарағанды қаласында өткен «Кішкентай ханша», «Кішкентай ханзада» байқауларына 2 тәрбиеленуші қатысып, жүлделі оралды. 2013 жылы наурыз айында Алматы қаласында өткен «Первые шаги» Республикалық байқауында хореография жанры бойынша 6 тәрбиеленушіміз 1-орынды иеленіп, алтын медальдармен, вокал жанры бойынша 1 тәрбиеленушіміз 3-орынды иеленіп, қола медальмен оралды.
2009 жылдың қараша айынан бастап балабақшада «Саулық пен Сымбат» бағдарламасы бойынша тәжірибелік эксперименттік жұмыстар жүргізіліп келді. 2013 жылы балабақша директоры Айткүл Жеңісқызы мен балабақша психологы Айтжамал Қасымқызы екеуі бірлесіп, «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту» тақырыбында жоба,бағдарлама жасап, облыстық эксперттік кеңесте қорғады. Қазіргі уақытта балабақшада осы бағдарлама бойынша жұмыс жүргізілуде.
Балабақша педагогтары облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, педагогикалық оқуларда, байқауларда, басылымдарда өзінің іс тәжірибесімен көрініп жүрген ұстаздар.Атап айтатын болсақ, 2011,2013 жылы жыл сайын ұстаздар мерекесі қарсаңында өткізілетін облыс әкімінің сыйлығына талаптану байқауы, облыстық «Талантты тәрбиеші-2012» байқауы, 2011 жылы қазан-қараша айларында өткізілген «Білім ұясы: «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым педагогы» Республикалық конкурсының облыстық кезеңі, 2012 жылы қараша айында Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің ІІІ облыстық кезеңі, 2012 жылғы 13-15 желтоқсанда Алматы қаласында өткен инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі VII Республикалық фестивалі, 2013 жылы 23 сәуірде Қарағанды қаласында «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы Бірінші Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңі, 2013 жылы 26-28 маусымда Алматы қаласында өткен «Педагогтың кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» атты білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық педагогикалық оқулары, 2013 жылы 2 тамызда Шымкент қаласында өткен “12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мектепалды даярлықтың басты міндеттері” тақырыбындағы Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясы, 2013 жылы 15 тамызда қалалық тамыз кеңесі,2013 жылы 21 тамызда Қарағанды қаласында өткен “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары” атты тамыз кеңесінің секция отырысы, 2013 жылы 17-18 қазанда Астана қаласында өткен «Монтессори-педагогиканы Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде түзете-дамытып оқыту және тәрбиелеу үрдісіне енгізу» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференция.
Бөбекжай-бақшамызда 3-6 жасқа дейінгі балалар үшін жабдықталған монтессори кабинеті ашылды. Монтессори кабинеті бес негізгі аймаққа бөлінген: күнделікті өмір жаттығулары, сенсорлық дамыту,метематикалық, тілдік және ғарыштық.
Монтессори кабинетінің салтанатты ашылу рәсіміне қалалық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Г. К. Касимова,
білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы
С.Т. Ахметова, Астанадан келген қонақтар: Республикалық балаларды оңалту орталығының монтессори педагогтары С.Б. Шарипова,
Н.К.Ахметчина және қаламыздың мектеп, балабақша басшылары қатысты.Монтессори педагогтары Сәндігул Бекайдарқызы мен Назгуль Кориковна балабақша қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті.
Балабақша ұжымы: «Мақсатымыз жаңа буын, жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысу, еліміздің келешегі үшін еңбек сіңіру», - деп түсінеді.












