Балабақшада 30 қараша күні «Балдырған» ортаңғы тобында Тұңғыш Президент күніне орай,  жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құрметті тұлға екенін таныту; елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында «1 желтоқсан – Президент күні» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Балалар Елбасымызға арналған өлең жолдарын айтты, қызықты ойындар  ойнады. «Тұңғыш Президент, Тәуелсіз Қазақстан!» атты деректі фильмін  қызыға көріп тамашалады.