2018 жылдың 06 маусымында КМҚК «Айналайын» бөбекжайында «Жазғы сауықтыру кезеңі- балаларды сауықтыруға және физикалық дамытуға бағытталған инклюзивті білім беру үрдісін ұйымдастыру әдістері»  тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.Семинарға Қарағанды қаласындағы «Алмагүл» бөбекжайының педагогтары және қаламыздағы «Балақай», «Балбөбек» бөбекжайларының,  «Еркетай» шағын орталығының басшылары, тәрбиешілері қатысты.

Қалалық білім бөлімінен  инклюзивті білім бойынша әдіскер Ибрайова Қ.И., мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскер Рахимбаева Ж.Е. келді. «Айналайын» бөбекжайының педагогикалық ұжымы инклюзивті білім беру бойынша іс-тәжірибелерін ортаға салып, семинарға қатысушылармен бөлісті. Семинар  бөбекжай директоры А.Ж.Кульмаганбетованың алғы сөзімен ашылды. Алғы сөзден кейін педагог-психолог Х.К.Искакованың жүргізуімен «Танысу» атты тренинг өтті. Тренингке барлық педагогтар қатысып, семинар жақсы көңіл күйде басталды.Дефектолог А.Қ.Оразбекова қуыршақтерапия бойынша «Машада қонақта» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.

«Ғажайып орта» әлеуметтік зертхана педагогтары «Құмның қасиеті», «Саулық пен сымбат» денсаулық зертханасы «Су-Джок терапиясын қолданудың тиімділігі», «Жас өнерпаз» музыкалық шығармашылық зертханасы «Ырғақ және би», «Қиқар дыбыстар» логопедтік зертханасы «Логоритмика», «Жас шебер» шығармашылық зертханасы «Үлпілдек балапан», «Сиқырлы тіл» коммуникация зертханасы «Сәулетті үйшік», монтессори-педагог «Монтессори педагогикасының бес аймағы» атты шеберлік сыныптарын ұсынды. Балалар  ұйымдастырылған оқу қызметінде, шеберлік сыныптарда өте белсенді, өздерін еркін ұстады.Семинар қатысушылары да белсенді болды.

Семинар  «Керуен»   рефлексиясымен қорытынды жасалып, аяқталды.Семинар соңында әдіскер Қ.И.Ибрайова, әдіскер Ж.Е.Рахимбаева қорытынды-құттықтау сөз сөйлеп, семинар қатысушыларына    сертификаттар табыстады. Семинар –практикум өте жоғары деңгейде өтті деп қатысушылар өз бағасын берді.