«Айналайын» бөбекжайында  1 маусым балаларды қорғау күніне орай мерекелік «Ертегілер елінде» атты  іс-шара өткізілді. Бөбекжай-бақша ауласы мерекеге және тақырыпқа сай етіп безендірілген. Мерекені ашу үшін және балаларды құттықтау үшін бөбекжай-бақшаның директоры А.Ж.Күлмағанбетоваға сөз берілді.

Мерекені балалардың сүйікті кейіпкері Сайқымазақ  жүргізді. Әр топ өздерінің дайындаған ертегілерін көрсетті. 1-ші Балапан тобының балалары «Шалқан»,  2-ші Ботақан тобының балалары «Жеті лақ»,  3-ші Жұлдыз тобының балалары «Үйшік», 4-ші Күншуақ тобы «Маша мен Аю», 5-ші топ бүлдіршіндері  «Қызыл телпек» ертегілерінен үзінділер көрсетті. Әр ертегінің соңында билер билеп әндер шырқады. Балалар ертегілерді қызыға тамашалады. Мереке өте көңілді өтті.