Әдемі безендірілген залға балалар таң қала қарап, қызығумен болды. Балаларға қонаққа ғарыш планетасынан Робот және роботтың кішкентай досы мен Телепузик келді. Робот пен Телепузиктың қызықты тапсырмаларын балалар қызығушылықпен орындады. Балалар ғарышкерлерге арналған өлеңдерін, тақпақтарын айтты, қыздар «Жұлдыздар     » биін биледі. Робот пен Телепузик бадаларды аспан әлеміндегі қызықтармен таныстырды. Робот пен Телепузик балаларға аспан әлеміне ұшу куәлігін берді. «Ғарышқа саяхат» тақырыбында өткен ертеңгілік балаларға қызықты өтіп, жақсы әсерін қалдырды.