«Айналайын» бөбекжайында  2016 жылдың 4 қарашасында жас мамандармен тәлімгерлер арасында «Жас мамандардың кәсіби құзіреттіліктерін шыңдау» семинары өткізілді. Бұл семинардың мақсаты жас мамандардың дүниетанымы, логикалық ойлау қабілеттіліктерін,ситуациялық жағдайлардан шығу құзыреттіліктерін арттыру. Педагогтарға тренингтер, ойындар,психологиялық жаттығулар ұсынылды. Жас мамандарға арналған семинарға білікті, білімді, тәжірибелері мол тәрбиешілер, педагог-психолог ат салысты. Жас мамандар өз ойларын ортаға салды. Бүгінгі семинардан алған әсірлерін жақсы көңіл-күй арқылы  білдірді.