2017жылы 27 наурыз айында Приозерск қаласының «Айналайын» бөбекжайында «Қала мен ауылдың мектепке дейінгі ұйымдары арасындағы кәсіби қауымдастығының - жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында ашық кездесу өтті.
Мақсаты: ауыл мен қала бөбекжайларының кәсіптік қауымдастық қызметін құру және жақсарту бойынша әдістемелік көмек ұйымдастыру, пікірлер мен тәжірибе алмасу.
*Ауыл және қала мектепке дейінгі ұйымдары арасындағы кәсіби қауымдастығының жылдық жұмыс жоспарын құру;
*Бөбекжайларда жүргізіліп жатқан жұмыстары бойынша іс-тәжірибе алмасу;
*Келешекте кәсіби қауымдастық жұмысын дамытудың басым бағыттарын анықтау және ұсыныстар қабылдау.
Кездесуге Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ аулының «Айгөлек» бөбекжай- бақшасының әдіскері К.Ж.Капиетова мен тәрбиеші Айгерім Серікқызы келді. Келген қонақтарымыз «Айналайын» бөбекжайының тыныс тіршілігімен танысып, педагог тәрбиешілермен жұмыс тәжірбиелері жөнінде кеңесіп, пікірлесіп, тәжірибе алмасты.
«Айналайын» бөбекжайы мен «Айгөлек» бөбекжай- бақшасының арасында 2016-17 жылдың кәсіби қауымдастық жұмысының жоспары жасалып, кәсіби қауымдастық арқылы оқыту мен тәрбиелеу үдерісін жақсарту жолдары анықталды. Алдағы жоспарда ортақ проблемаларды бірге шешу маңыздылығы аталып өтті. Нәтижесінде «Айналайын» бөбекжайы мен «Айгөлек» бөбекжай- бақшасы арасында кәсіби қауымдастықтың жұмысын болашақта жандандыру үшін жоспар құрылып, екі жақтың келісімімен бекітіліп қабылданды.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/305-k-sibi-auymdasty-ryldy.html#sigFreeId3e25e31295
Ахметова А. Т.
«Айналайын» бөбекжайының әдіскері,
Приозерск қаласы,
Қарағанды облысы












