Бүлдіршіндердің жасы небәрі 3-жаста. Бөбекжаймыздың 10 бүлдіршіні «Аралар» биін билеп көреремендер мен әділ қазыларды өздерінің билерімен, тәтті қылықтарымен таң қалдырды. Бұл жастағы бүлдіршіндердің  үлкен сахнаға, қалың жұрттың алдына шығудың өзі үлкен жеңіс. Балаларынан бұрын толқыған ата-аналардың қуанышында шек жоқ.  Осылай бөбекжай тәрбиесіне қоса біздің бүлдіршіндер өнерді де қатар алып жүріп үлкен сахналарды бағындырып, үлкен жетістіктерге жетіп биіктерден көрінуде. Бүлдіршіндерімізге қанаттарың талмай, бейбіт елдің ұрпақтары болып өсе беріңдер деп тілейміз.