2016 жылдың 21-жұлдызында Ұлыстың ұлы күніне орай қалада мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада түрлі сайыстар ұйымдастырылды.  Соның ішінде, ұлттық киімдер сайысы  «Нео фольклор киімдері» бойынша ұйымдастырылған сайысқа  балабақшамыздан  ұлттық киімдерден құралған топтама  шықты. Топтамамыз  өте әдемі шығып, бірінші жүлделі орынға ие болдық. Құрылған шатырымыз ұлттық  нақышқа сәйкес безендірілді. Келген қонақтарды төрімізден дәм татқызып, наурыз көже ұсындық. Біздің ұжым «Қонақжай шатыр» номинациясымен марапатталды.