Мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуында кездесетін әдеттегі проблемалардың шешу жолдарын іздестіру.
Міндеттері:
- ұсақ қол моторикасының әлсіздігімен жұмыс жасау;
- жас ерекшелігіне қарай сөздік қорының аздығын толықтыру.
Дөңгелек үстелді 8-наурыз мерекесімен аналарды құттықтап «Айналайын» бөбекжайының директоры А.Ж.Кульмаганбетова ашты. Ата-аналарға педагог-психологтың, монтессори-педагогтың сабақтарында балалармен жүргізілетін жұмыстар, ойындар, жаттығулар және де қолдан жасалған ойыншықтар көрсетіліп, олармен қалай баланы дамытуға болатыны ұсынылды. (практика жүзінде ата-аналардың өздері ұсынылған материалдармен жұмыс жасады)
Ата-аналарға ұйымдастырылған дөңгелек үстел - мектепке дейінгі балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту аясында барынша мағлұмат берілді. Осы жерде балабақша дефектологы А.К.Оразбекова «Фонетикалық және фонематикалық кемшіліктерді түзету» тақырыбында өз баяндамасын оқып, біраз артикуляциялық жаттығулар ұсынды.
Әр ойын, баяндама, тренингтер соңында ата-аналар өз ойларымен, пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып отырды. Бала - ата-анамен педагогтың ортақ мәселесі, сондықтан да бірігіп жұмыс жасау, бірге түзету жолдарды іздеу керек деген ортақ ымраға келдік.
Мектепке дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі үйден де табылатын заттарды қолдануға болатыны ұсынылды. Мысалы: түймелер, әртүрлі моншақтар, дәнді дақылдар, қарандаштар, түрлі-түсті ленталар, шилер, түрлі-түске боялған макарон өнімдері. Яғни осы заттарды қолдана отырып, біз балалардың ұсақ қол моторикасын ғана дамытып қоймай, баланы түстерді ажыратуға, жазуға, түстерді үйлестіруге, қиялын, ойлауын, тілін, байқампаздығын және баланың бойында эстетикалық талғамын дамытамыз.
Қорытындылай келе, миды зерттеу, тәнтану тұрғысынан, қолдардың білезіктерін, артикуляциялық аппарат сияқты қарастыру керек екені айтылды. Сондықтан да баланы жанжақты дамыту үшін оның тек артикуляциялық аппаратын ғана жаттықтырып қоймай, сондай-ақ қолдарындағы саусақтарының қимыл-қозғалысын да қол білезігінде дамыту керек екені көрсетілді.
Дөңгелек үстел соңында ата-аналарға «саусақ гимнастикалар» жиынтығы таратылды.
Балабақша ата-аналары осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылуына тілек білдіріп және балалар тәрбиесінде қандай мәселелер ой толғандырып жүргенін айтып, келесі семинар отырыстарға ұсыныстар жасады.
Ата-аналарға азғана болсада көмек бердік деген ойдамыз.












