Оқу қызметі мақсатқа сай болып,кіріктірілген түрде өтті. Онда қыс мезгілінің ерекшеліктері, көңілді қыс ойындары туралы айтылды. Балаларға тосын сәт ретінде топқа «Аққала» кейіпкері келді. Ол балаларға өзінің мұрнын жоғалтып алғанын және көңілсіз екендігін жеткізді. Балалар оның көңілін көтеріп, онымен ойын ойнады. Содан соң Аққалаға ермексаздан мұрын мүсіндеп жасады. Балалар Аққаланың көңілін көтергендеріне қуанып, өздері де қуанышты сәтте болды.