Семинарға қалалық білім бөлімінің бас маманы Алия Қалымбайқызы және қаламыздағы балабақшалардың балабақша әдіскерлері мен музыка жетекшілері қатысты. Семинарды "Айналайын" бөбекжайы директоры Кульмаганбетова Айткуль Жеңісқызы ашып берді. Семинар ҚР әнұранымен басталды. Семинардың мақсаты:музыка жетекшісінің іс-тәжірибесімен бөлісуі және әріптестерімен тәжірибе алмасу.семинар бағдарламасына сәйкес «Таныстыру» атты сергіту сәті өтті. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп тұрды. Музыка жетекшісінің баяндамасы тыңдалды. Негізгі бөлімнің соңында "Тосынсый "атты ойын түрінде рефлексия жүргізілді. Бұл ойынға семинарға қатысушылар бірге белсене қатысты. Соңынан қонақтар өз пікірлерін айтты. Семинар өте жоғары дәрежеде өтті, келген қонақтар ризашылықтарын білдіріп, "Балбөбек" бөбекжайы директоры Рахаева Гүлжан Сламжанқызының сөзімен жалғасты, "Балақай" бөбекжайының әдіскері Тоқталған Біржан өз пікірлері мен ризашылықтарын білдіріп, осындай семинарлар қаламызда көптеп өтіп тұрса деген ұсыныстарын айтты. Жас мамандар тәжірибесі мол ұстаздан үйренетін жұмыстарының көп екендігін атап ризашылығын білдірді. Музыка ханшайымы келіп өзінің музыкалық сәлемін жолдап, музыка жетекшісінің өзі жасап дайындаған "Нота кілтін" естелік ретінде семинар қонақтарына таратып берді. Қалалық семинарды қортындылап білім бөлімінің бас маманы Алия Қалымбайқызы, музыка жеткшісінің жұмыстарына ризашылығын білдіріп қалалық семинар жоғарғы дәрежеде өткені жайлы айтып өтті. Бала тәрбиесінде аянбай еңбек етіп жүрген "Айналайын" бөбекжайының музыка жетекшісі Сулейменов Марс Әбуұлының жұмыстарына табыстар тілейміз. Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз мәнгі, балаларымыз Отансүйгіш өнерлі, халқымыз бай қуатты болғай!