Педагогтарға арналған семинар-тренинг

 

« ... Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл,

 ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ.

 Одан басқа нәрсемен оздым ғой

демектің бәрі де –ақымақтық»

 Абай

Қазіргі заман педагогтың кәсіби іс-әрекетінің табысты болуы көбінесе имиджге байланысты.  Басқа мамандық иелеріне қарағанда педагог мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудитория ішінде және көпшілік көз алдында.

Педаготің мәртебесін жоғарылату -  Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі. Шын, мәнінде педагогтың мәртебесі тек қана оның жалақысын көтеру емес, ең бірінші ұстаз мәртебесі оның интеллектуалды, білімдік, жеке-дара ерекшеліктерінің бағалануымен көтеріледі. Педагог мәртебесі шәкірт деңгейімен өлшенеді, шәкірті нәтиже көрсетсе, тәрбиешінің мәртебесі биіктейді.

Үстіміздегі жылдың қазан айына жылдық жоспарға сәйкес бөбекжай педагогтарына жоспарланған семинар-тренинг өтті. Семинар тақырыбы  «Мен керемет педагогпын». Мақсаты: педагог деген кім, педагог тұлғасы қандай және қазіргі заманның педагогі қандай болу керек- деген сұрақтарға ортақ пікір, ойларды, өз тәжірибесімен бөлісу. Семинар барысында  ережелер ұсынылып және  оларды ұстануы қадағаланды. Семинар бойынша педагогтарға ұсынылған жаттығулармен, ойындар: «Біз қаншалықты өзімізді танимыз?» мақсаты: қасындағы әріптестің бойындағы жақсы және сол адамға ғана тән қасиетін атап айту;  «педагог маманның кәсібіне қатысты ситуациялық сұрақтар» мақсаты: педагогтың сұраққа шешім таба отырып, болашақта кез-келген тығырықтан шығу қабілеттерін арттыру; «Мистер Мамбл» сергіту сәті,мақсаты: педагогтарды сергіту сәтіне әкеле отырып, жұмыстан ойлары бөлініп, аз ғана уақытқа болсада  қуанышқа бөлеу; «Ат арба» ойыны, мақсаты: ұжымды ауызбіршілікке шақыра отырып ұйымдастырушылық қабілетті дамыту, бұл ойын арқылы ұжымдағы әр адам өзінің бойында қандай қабілеті бар екенінде анықтай алады.

Семинарды қорытындылай келе кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог қана  жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек.

«Егер мұғалім өте беделді болса, онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері кейбір адамдардың бойында бүкіл өмір бойы қалып қояды. Міне, сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы, өзінің мінез -құлқы мен іс-әрекеттері, дүние жүзіндегі бірде-бір адамда болмайтындай, ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды» М.И.Калинин.