Тамыз айының 26 жұлдызында «Балбөбек» балабақшасында дәстүрлі  педагогикалық кеңесінің секциялық отырысы  өтті. Секциялық отырыста «Айналайын» бөбекжайының  тәрбиешісі Жетибаева Гулзат Асхаровна «Мектеп жасына дейінгі баланың дүниені тану арқылы  тілін дамыту» тақырыбында  баяндама оқыды. Өз еңбек жолындағы  іс- тәжірибесімен жас  мамандармен бөлісті. Практикалық  кезеңінде  педагог-психолог Искакова Халида Кабулановна мектеп жасына дейінгі  балалардың  тілін  дамыту жолындағы  ойындарды педагог мамандармен өткізді.  Педагогтар  өз ойларын ортаға салып,  жас мамандар   өздеріне   біраз мағлұмат алды.Секциялық отырыс  өте қызықты да , мағыналы болып өтті.