Үстіміздегі жылдың тамыз айының 24 жұлдызында Қарағанды қаласында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінің секциялық отырысы «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында өтті. Қарағанды облысының білім басқармасының және Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған тамыз кеңесінің «Инклюзивті білім беру» секциясына Приозерск қаласының «Айналайын» бөбекжайының директоры А.Ж.Кульмаганбетова және педагог-психологы Х.К.Искакова қатысып келді.

«Инклюзивті білім беру» секциясы «Инклюзивті білім беру тұрғысынан арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында болды. Секциялық отырысты Дауыпбаева Үміт Токеновна  Қарағанды облысы ББД ОӘО қосымша білім беру  және ұйымдастырушылық-тәрбие инициативаларын дамыту бөлімінің әдіскері жүргізді.Секция отырысына ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Д.С. Асакаева қатысты. «Айналайын» бөбекжайының директоры А.Ж.Кульмаганбетова «Мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ерте түзеу-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында баяндама оқыды және  бөбекжайдағы жүргізіліп жатқан іс-тәжірибесімен таныстырып, осы жаңа оқу жылына жоспарланған жұмыстар туралы айтып өтті. Кульмаганбетова Айткуль Женисовна секциялық отырысқа жиналған педагогтарға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, біраз сергіту жаттығуларды орындауға шақырды. «Айналайын» бөбекжайының педагог-психологы Х.К.Искакова «Жаңа оқу жылын жағымды бастайық» тақырыбында тренинг ұсынды. Педагог қызметкерлер бір-бірімен жақынырақ танысып,  тренингке белсенді қатысты. Тренинг соңында педагогтардың  көңілдері көтеріліп, бір-біріне жақсы тілектер айтып тәмамдалды.