Приозерск қаласындағы тұнғыш ашылған қазақ ұлттық «Айналайын» бөбекжайының мерей тойы аталып өтті. Бөбекжай осы 10 жылда талай жетістіктерге қол жеткізді. Халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде ұйымдастырылған семинар, конференцияларға қатысып жүлделі орындарға ие болған. Бөбекжай бүлдіршіндері де өз тәрбиешілерінен алған білімдерін, өнерлерін көрсетіп көптеген республикалық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға, номинацияларға ие болып жүр.
Тұнғыш балабақшаның он жылдағы атқарған жұмысына есеп беретін болсақ, ол педагогтардың, тәрбиеленушілердің атқарған еңбегі зор екендігіне көз жеткізе аламыз.
«Айналайын» бөбекжайының мерей тойына арналған іс шараға қала әкімі Камзин Қайрат Амангельдиевич, маслихат хатшысы Сәрсембеков Бекзат Мұқсиынұлы, қала әкімінің орынбасары Казиева Ботагөз Ануарқызы,білім бөлімінің басшысы Касимова Гуля Кеңесқызы және қаладағы мекеме басшылыры қатысты.
10 жылдық мерей тойға бүкіл ұжым, ата-аналар және бөбекжай бүлдіршіндері де өз үлестерін қосты. 10 жылдық мерей тойға орай өткізілген бұл іс шарада бөбекжай директоры «Айналайын» бөбекжайының 10 жылдық тарихына, 10 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті.Әрі қарай «Біз шыныққан баламыз» атты шеберлік сыныбы көрсетілді, балалардың қатысуымен «Қошқар мен теке» ертегі қойылымы қойылды және «Құтты болсын, мерей той!» тақырыбында концерттік бағдарлама ұсынылды. Қонақтар өз тарабынан құтықтау тілектерін білдірді.
Бөбекжай директоры осы 10 жылда бірлесіп жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерге марапаттау қағаздарын тапсырды.
Көппен көрген ұлы той демекші, бөбекжайдың 10 жылдық мерей тойы құтты болсын. Өзара ауызбіршілігі мол, жұмысқа деген ынтасы зор, шығармашыл ұжымға тек қана табыс, береке, биік шыннан көріне берсін деген тілек білдіреміз.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/233-ajnalajyn-b-bekzhajyna-10-zhyl.html#sigFreeId6faa9ec2ba












