"Айналайын" бүлдіршіндері жүлделі орынмен оралды. Бүлдіршіндеріміз өз өнерлерімен үлкен сахынаны бағындырып үлкен жетістікке жетті. Алматы қаласында өткен Халықаралық "Ерлігі елге мұра" фестивальна қатысып эстрада вокал жаныры бойынша өнер көрсетті. Бекен Асел  "Маншук" әнін патриоттық сезімен орындап көрерменнің көңілін тапса, Зайкова Надежда  "Катюша" әнін  қазақша және орысша  екі тілде орындады. Екі бүлдіршініміз де  жүлделі 1-2 орындарды иеленіп бүлдіршіндер арасында  фестиваль лауриаты атанды.  Тәп-тәтті сыңғырлаған дауыстарымен бүкіл елді таңдандырып  халықты риза етті,  көрермен алғыстарын жаудырды. Бізді қолдаған басшылыққа , әрине өнерпаз бүлдіршіндерімізге, ата-аналарға  үлкен алғыс айтамыз.  Бүлдіршіндеріміздің өнері өрге тасып, болашақтары жарқын болсын.   Тәуелсіздігіміз мәнгі болсын!