7 мамыр Отанқорғаушылар күніне орай «Айналайын» бөбекжайында

«Күншуақ» ортаңғы тобында «Әкеге қарап ұл өсер» атты ертеңгілік өтті.

Ертенгілікке әкелер  белсенді қатысып, балаларымен әртүрлі тапсырмаларды қызыға орындады.Әкеге қарап  - ұл өсер демекші, әкелер бар жігерін, күшін сала отырып өз балалар алдында бойындағы барлық өнерлерін аямады.

Сайыс кезеңдері келесідей болды:  біріншіден өздерін таныстыру; екінші эстафеталық жарыстар; әртүрлі ойын-жарыстар.

Бүгінгі жарыста «достық» жеңді деп әділ қазылар алқасы шешім шығарды.

Ал ортаңғы топ балалары өз тарабынан би, ән, осы мерекеге орай тақпақтарын көрермендерге ұсынды. Сайыс та, ертеңгілікте өте қызықты және тартымды өтті.