«Айналайын» бөбекжайында «Қарлығаш» ересектер тобының тәрбиешісі Кисекеева К.Т «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізді. Оқу іс-әрекет шаттық шеңберінен басталды.Жаңа тақырыпты ашу мақсатында балалар конвертте жасырынған жұмбақтың жауабын суретке салу арқылы тапты.Қонаққа аспазшы апай келіп, дәрумендер таратты. Балаларға қызықты ойын ойнатты. Кубикті лақтыру арқылы,қай мамандыққа қандай құрал қажет екенін тауып айтты. Сергіту сәтінде балалар «Көңілді күн» әніне әдемі би биледі.Оқу іс-әрекет соңында еңбек туралы мақал-мәтел жаттап,көңілді көңіл күймен аяқтады.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/264-mamandy-ty-b-ri-zha-sy.html#sigFreeId1190e2383e












