«Айналайын» бөбекжайында «Балапан» тобында 2016 жылдың 08 сәуір айында «Ұшатын көбелектер» атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді. Балаларға үлкен қуанышты күн болды. Ашық ұйцымдастырылған оқу іс әрекетінің мақсаты балаларға көбелектер туралы мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорын молайтып, жәндіктерге деген қызығушылығын дамыту. Көбелектерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Таңғажайып сәт. Балалар, бүгін бізге қонаққа көбелек келіпті, қараңдаршы қанаттары алуан-алуан, өзі сондай әдемі. Көбелек-әсем түсті екі қанаты бар, ұшатын жәндік. Көбелектердің түрлері өте көп, балаларға көбелек қонаққа келіп жақсы көңіл-күй сыйлады. Балалар шаттанып, қуанып өздеріне жақсы әсер қалдырды, балалар ойынға белсене қатысты.












