«Айналайын» бөбекжайында 8 наурыз мерекесіне орай «Қарлығаш» тобында қыздар арасында «Көктем аруы-2016» сайысы өтті. Сайысқа 5 қыз қатысты. Сайысқа қатысушы қыздар бірінші кезеңде өздерін таныстырудан бастады.Екінші бөлімінде арулар әр түрлі билерін билеп,әндерін айтып,өнерлерін көрсетті.Үшінші кезеңде қатысушыларымыз салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп,кезеңнен сүрінбей өтті.Төртінші бөлімде арулар аналарымен ортаға шығып , үйден дайындап әкелген ұлттық тағамдарын таныстырып,түсіндіріп өтті.Ең соңғы бөлімде көктемгі күннің көзіндей арулар жарқырап, сұлуланып, әр түрлі бұйымдардан жасалған көйлектерін киіп,көрермендер алдында дефиле көрсетті. Ұлдарымыз аналарына арнап «Аяулы анашым» әнін орындады. Келген қонақтарымызға қыздар мен ұлдар да «Көктемгі вальс» биін орындап берді. Өнерлі қыздар «Платочек» биін билеп,көрермендердің көңілін аулады.Балалар аналарына арналған тақпақтарын айтып, сыйлықтарын сыйлады. Сайысқа қатысушы қыздарымызды әр түрлі номинациялар бойынша марапаттады: «Көктем аруы», «Инабатты ару», «Өнерлі ару», «Сымбатты ару», «Нәзік ару». Ертеңгілікті балалар «Құттықтаймын ана!» әнімен аяқтады.












