Наурыз айының 3-жұлдызында «Балапан»,«Ботақан» топтарында Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана -өміршуағы» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісімен өтті. Ертеңгілікте мерекеге байланысты түрлі ойындар ойналып, тақпақтар мен әндер айтылып, көңілді билер биленді. Ертеңгілік кейіпкерлері: Мақта қыз, Мысық, Дүкенші және Әже. Ертеңгілікке ата-аналар қатысып, балаларымыз аналарына арнап жасаған сыйлықтарын ұсынды. Ертеңгілік өте қызықты және көңілді өтті.