Ақпан айының 26 жұлдызында «Айналайын» балабақшасында 1 наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай «Болашақ бүгіннен басталады» атты балалармен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттің мақсаты: Балалардың ризашылық білдіру мен әр дайым алғыс айту, бауырмалдылықпен сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Концерттік бағдарлама барысында тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, балалар мен сұрақ жауаптар алмасып, алғыс айту, ризашылық білдіру жайлы ой бөлісті. Концертті ең бірінші болып «Қарлығаш» тобының балалары Қазақ биімен ашты.
Алғысты ең бірінші барша адамзатқа өмір сыйлайтын аналарымызға айту керектігі түсіндіріліп, аналардың құрметіне арналып «Аяулы анашым» әнін Ғалымжанова Айзере орындады. Еліне сыйлы болу адамзатты шексіз ризашылыққа бөлейді. Ал, өзге елдермен сыйласу ынтымаққа бөлейді. Балаларға елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерімен де сыйласып, әр бір игі істеріне алғыс айта білу керек екені айтылып концерттің жалғасын «Неміс полькасы», орыс халқының «Платочек», өзбек халқының «3 патир» билерімен жалғасты. «Қошақаным» әнін шырқаған Жолдасбек Нұрбақытта өз өнерін көрсетті. Топтардың дайындаған тақпақтарыда айтылды. Балалардан құрылған хордың орындауында «Жақсы көрем» әні шырқалды. Концерттік бағдарламаның соңында шаттық шеңберінде тұрып балалар бір-бірлеріне ризашылықтарын білдірді. Осылай күнтізбемізге енген барша адамзатты татулыққа шақыратын, ризашылыққа, қуанышқа бөлейтін мереке бала бақшамызда осылай аталып өтті.












