«Айналайын» бөбекжайында 2016 жылдың 17-ші ақпанында «Балапан» 1 кіші тобында «Мамандық. Дәрігер » тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті өтті. Балаларға қонаққа келген «Қуыршақ Айшаның » ыстығы көтеріліп ауырап қалды. Оған «Жедел жәрдем» көлігімен «Дәрігер» келіп қуыршақты емдеп дәрі беріп кетті. Балаларға ұйымдастырылған оқу іс әрекеті өте қызықты өтті. Балалар ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп отырды. Тәрбиеленушілердің дәрігер мамандығы туралы алғашқы түсініктері қалыптасты.












