«Айналайын» бөбекжайында 2016 жылдың 12-ші қаңтарында балаларға жақсы көңіл күй, қуаныш сыйлау мақсатында барлық топтың балалары үшін, «Қош бол, жасыл шырша» атты шыршамен қоштасу мерекесі өтті.  Мерекеге әже қонаққа келіп балаларға «Қоянның үйшігі» атты ертегі айтып берді. Балалар осы ертегінің қойылымын қызыға тамашалады. Мерекеде балалар шыршамен және Аяз атамен қоштасып, тақпақ, өлең оқыды, ән салып достарымен қуанышқа бөленді. Қоштасар кезде Аяз ата  ертегі кейіпкерлерімен  және балалармен бірге, үлкен шеңбер жасап ән салып шыршамен қоштасты. Балалар Аяз атаны көріп, мәз болып қалды.