Жуықта "Айналайын" бүлдіршіндері тағы да жүлделі орынмен оралды.Біздің бүлдіршіндеріміз өз өнерлерімен үлкен сахнаны бағындырып, үлкен жетістікке жетті.Астана қаласында өткен халықаралық"Легенда востока" фестивальына қатысып эстрада вокал жанры бойынша өнер көрсетті.Музыка жетекшісі Сүлейменов М.А. үйреткен сабағын тыңдап айтқанын бұлжытпай орындап, балалар үлкен шындарды бағындырды.Тәп-тәтті сыңғырлаған дауыстарымен бүкіл елді тандандырған бүлдіршіндеріміздің өнері халықты риза етті. Балабақшамыздың сүйікті әншісі Әлімхан Дарын 1 орынды , алғаш ән айтып сахнаны бағындарған Мырзабек Дария 1 орынды,өздерінің әнімен тандандырған Архабаева Айсана 2 орынды, Ғалымжанова Айзере 2 орынды,Ермекбай Нұрым 2 орынды иеленіп, фестиваль лауреаттары атанып қайтты .Осылай кішкентай бүлдіршіндеріміз "Айналайын" балабақшасының атын шығарса, тек қаламыздың емес обылысымыздың атын шығарып үлкен марапатқа ие болған бүлдіршіндерімізге үлкен алғыс айтамыз. Бала тәрбиесінде ."Бұлақ көрсен көзін аш " дегендей өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке,достыққа ,мейрімділікке,өнер сүйгіштікке тәрбиелеуде балаларға қамқор болып, олардың жолында үлес қосып отырсақ әрине нұр үстіне нұр болар еді.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/239-ajnalajyn-zh-ldyzdary.html#sigFreeId7ea5d17af9












