Үстіміздегі жылдың соңғы айының 4 жұлдызында «Айналайын» бөбекжай педагогтарының арасында, «Әріптестік қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

        Тренинг мақсаты: жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту. Тренинг барысында педагогтар  әртүрлі психологиялық ойындар, жаттығулардан орындап, өзара ойларымен, пікірлерімен бөлісе отырды. Әр ойын, жаттығу тренинг тақырыбына сәйкестеліп дайындалған еді. Тренинг барысында әр ойынның мақсаты және бүгінгі тақырыпқа қандай үлесі бар екені айтылып отырылды.

Педагогтар ойындардан, жаттығулардан  өздеріне қандай әсер алғандарымен және қайсысы өздеріне ұнағаны туралы айтып өтті.

         «Жағымды көңіл күй қалыптастырайық», «Алма және алмұрт», « Біз бірдейміз», «Кім екенін тап?», «Мұнара» тренинг барысындағы ойындардың мақсаты – ол өзара ұқсастықты табу; ұжым мүшелерінің бір-бірін тануға көмектесу; өзгелерді дұрыс қабылдап, тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйрету; үнсіз қарым-қатынас жасай білу, бір-бірін түсіне білу, өзара келісімге келу еді. 

         Тренинг соңында  «Алақандағы гүл»  атты релаксациясы жасалды.     «Гүлденген  жайлау» рефлексиясы арқылы тренингті қорытындылай келе: әріптестік қарым-қатынаста және жай адамдар арасындағы ұқсастықтар бір-біріне адамдарды жақындатады, сонымен қатар алға қойған мақсат, міндеттер бір болған кезде және әрқашанда бір-бірімізді тыңдай білсек, келісімге келер болсақ,  ісіміз алға өрлейді деп білейік.

    «Гүлденген жайлауды» педагогтар тамашалай отырып, гүл көп болсада барлығына орын жеткеніне, әрқайсысы өзі қалаған орнын тапқанын, осындай көп гүлдің арасында өз гүлдерінің де  өсіп гүлденіп тұрғанына сүйсіне қарап ой түйді деп ойлаймын.

     Бұл гүлденген жайлау - әр педагогтың жаны әдемі гүлге толы екенін білдіреді.