2015 жылдың қазан айының 25-де АО НЦПК «Өрлеу» Біліктікті Арттыру Ұлттық Орталығы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Дені сау бала бақшалар» атты республикалық конкурсы өтті.
«Дені сау бала бақшалар» конкурсы сырттай республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Бұл конкурсқа республика бойынша 40 мектепке дейінгі мекемелердің 80 –ге жуық педагогы қатысты, олар: Ақмола, Қарағанды, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Онтүстік-Қазақстан, Маңғыстау,, Қостанай облыстарынан және Астана қаласынан еді. Әр педагог өз жұмыс жасау әдісін ұсынды және бала денсаулығының сақтаудағы инновациялық педагогикалық іс-тәжірибесін басқада мектепке дейінгі мекемелерде қолдану тәсілдерімен бөлісті.
Қарағанды облысы Приозерск қаласының «Айналайын» балабақшасы да өз тәжірибесін ұсына отырып осы республикалық конкурсқа қатысты. Бөбекжай директоры А.Ж.Кульмаганбетова және педагог-психолог Х.К.Искакова «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту» бағдарламасын осы конкурсқа ұсынды. 2013 жылдан бері осы бағдарлама бойынша жұмыс жасап келе жатқан балабақша, балаларды жан-жақты дамыту іс-тәжірибесінен өз жұмыстарын жіберді.
Республика бойынша қатысқан 40 мектепке дейінгі мекеме арасында «Айналайын» бөбекжайының жұмысы қаралып «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын басқарудағы денсаулық сақтау тәсілдері» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Бұл жеңіс «Айналайын» бөбекжайының тағы алған белестерінің бірі еді, себебі бөбежайдың осы 10 жылдағы атқарған жұмыстары өте көп және ерінбей еңбек етіп келе жатқан ұжым және оның тәрбиеленушілері талай-талай сайыстарға, конкурстарға, семинар- конференцияларға қатысып жүлделі орындардың иелері еді. Бұл республикалық конкурстағы жеңіс биылғы «Айналайын» бөбекжайының 10 жылдық атап өткен мерей тойына тағы да бір сыйлық еді.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/238-deni-sau-bala-ba-shalar-atty-respublikaly-syrttaj-tken-konkurs.html#sigFreeId3f0b0d3f3f












