«Айналайын» бөбекжайында    логопедтік зертхана «Қиқар дыбыстар» педагогтарға арналған шебер сынып өткізді. Шебер сынып «Артикуляциялық жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру» тақырыбында болды.

  Шебер сыныптың мақсаты: Артикуляциялық жаттығуларды өткізу барысында  түзете-дамыту қызметінің жүйелі қимылдарын, әдіс-тәсілдер  мен түрлерін көрсету арқылы тәжірибе алмасу.

      Педагог-логопед шебер сыныпты «Достық тізбесі» шеңберінен бастады. Педагогтар артикуляциялық жаттығуларды өздері жасап және тіл кемістігі , тілі шорқақ , тілі күрмеленетін балаларға қалай жасату керек екенін менгерді. Артикуляциялық жаттығулар балаларға да, ересектерге де дұрыс, әдемі және анық сөйлеуге көмектеседі. Сонымен қатар дыбыстарды дұрыс айту, жазуға үйрету кезеңінің негізін құрайды.

    Логопедтік зертхана  педагогтарға «Көңілді тіл туралы ертегі» тапсырмасын ұсынды. Бұл тапсырманың мақсаты: педагогтар сурет арқылы жұмбақтарды  шешу еді. Логопедтік зертхана  шебер сыныбында  педагогтарға  тілге  арналған жаттығуларын көрсете отырып,  өз сабақтарында сергіту сәттерінде жалпы балаларға қолдануға болатынын айтып кетті. 

«Өнер алды қызыл тіл демекші»  әдемі және дұрыс сөйлеуге дағдыланайық.