«Айналайын» бөбекжай бақшасының  бүлдіршіндері, Қарағанды қаласында өткен облыстық «Тәй, тәй басқан балапан» ашық балалар шығармашылық фестиваль-конкурсының «Хореография» номинациясында, 4- жастық дәрежесінде «Айналайын» би тобы 1 дәрежелі жүлделі орынға ие болды. Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығына орай қойылған  неміс халқының «Достық» биін көрермендер мен қазылар алқасына тарту етіп, ерекше қошеметке ие болды. Қалың көрермен мен үлкен сахнада біздің бүлдіршіндер өздерін емін еркін ұстай білді. Марапаттау сәтінде қазылар алқасының төрайымы Қырғызстан Республикасының  халық әртісі, «КG-тай» балалар жобасының авторы, Тойганбаева Гульнара ханым балалардың сахнадағы еркіндіктерін, билерін, үстілеріндегі костюмдеріне ерекше тоқталып өз ризашылығын білдірді. Фестиваль-конкурс мектепке дейінгі балалардың шығармашылығын, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, өте жақсы дәреже де ұйымдастырылған.

 Кіп кішкентай болса да би өнеріне қадам басқан бүлдіршіндер осылай қаламыздың мәртебесін көтеріп, облысымыздан жүлдемен оралды. Бүлдіршіндерімізге айтар тілегіміз: Қанаттарын талмай, өркендерің өсіп, биіктерден көріне беріңдер демекпіз!