“Айналайын” бөбекжайында ересектер “Қарлығаш” тобымен  күз мерекесіне арналған  “Сиқырлы алтын күз” атты мерекелік ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікке балаларға қонаққа Күз ханшайымы мен Дымбілмес келді.Балалар келген қонақтарға тақпақтарын айтып берді.Барлығы бірге “Алтын күз” әнін орындады.Қыздар Күз ханшайымымен бірге “Жаңбыр” биін биледі.Дымбілмеспен бірге ата-аналар “Жаңбыр суы” ойынын ойнады.Сонымен қатар балалар  екі топқа бөлініп  “Жемістер мен көкеністер” ойынын ойнады. Балалар ойын барысында қызығушылық танытты. Ертеңгілік соңында қыздар мен ұлдар “Мамбо” биін билеп,қонақтармен қоштасты.