Қыркүйек айының 18 күні «Айналайын» бөбекжайында «Баланың балабақшаға бейімделуі және баланың жан-жақты дамуы» тақырыбында  оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті.

    Жиналыс мақсаты: мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты арттыру, баланың жеке тұлғасының дамуына жағдайлар тудыру, сонымен қатар балабақшаға жаңадан келген балалардың жеңіл бейімделуіне ата-аналар тарапынан қандай көмек керегін көрсету еді.

  Бұл жерде ата-аналарға балабақшаның қандай ұтымды жақтарының барын, баланы балабақшаға берерде дайындықты қалай ұйымдастыру керек екені, баланың балабақшаға келгенде қалыпты бейімделу кезеңінің ерекшеліктері,  сонымен қатар ата-анада баланың  тез бейімделуіне   қандай көмек бере алатындығы туралы айтылып өтті.

     Ата-аналар жиналысы құттықтау рәсімімен басталды.  Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Ең көрікті аула-2015» (топ аулаларын безендіру) байқауы   бөбекжайда ұйымдастырылды. Бөбекжайдағы 6 топ ауласы осы байқауға белсене қатысып, бір-біріне ұқсамайтын тақырыптарды таңдап өзара бәсекелесе түсті. «Ең қызықты аула», «Ең заманауи аула», «Ең жайдарлы аула», «Ең көңілді аула», «Ең ұлттық аула»   және бас жүлдені «Ең көрікті аула-2015» номинациясын «Балдырған» тобы ұтып алды. Бөбекжай басшылығы әр топқа «Алғыс хаттар» және интербелсенді қуыршақтарын сыйға тартты.

     Ата-аналар  комитеті  осы жиналыста барлық топ ата-аналары алдында былтырғы жылдағы атқарған жұмыстары туралы есебін берді. «Бірге көтерген жүк жеңіл демекші» ата-аналарға бөбекжайдың тұрмыс тіршілігіне атсалысып, бірлесе жұмыс істегені үшін бөбекжай директоры ата-аналар комитетінің төрағасына және мүшелеріне өз ризашылығын білдіріп «Алғыс хаттармен» марапаттады.

     Ата-аналар жиналысын әрі қарай бөбекжай директоры А.Ж.Кульмаганбетова өзі жалғастырды. Бөбекжайға жаңадан балаларын берген  ата-аналарды бөбекжайдың тыныс-тіршілігімен, осы мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлерімен және бөбекжайдың тәртібімен, ережелерімен таныстырып өтті.

    Бөбекжай әдіскері Хизирова Д.М. ата-аналарды бөбекжайда өтетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетерінің бес білім саласымен, ҰОІӘ-нің өту кестесімен және күн тәртібімен таныстырды.

     Бөбекжай медбикесі Жасыбаева Т.И. балалардың 2-6 жас аралығындағы жасалатын екпелері және тазалығы, балабақшадағы берілетін тағамдардың пайдасы туралы айтып өтті.

    Бөбекжай педагог-психологы Искакова Х.К. ата-аналарды баланың балабақшаға бейімделу кезеңіндегі эмоционалдық жағдайы туралы, сонымен қатар ата-аналар тарапынан қандай көмек, қолдау керегін айтып өтті.

  Ата-аналар жиналысында ата-аналар өз ойларын да ортаға салып, жаңа оқу жылына жаңа ата-аналар комитетін сайлады. Бұл жиналыс ата-аналарға арналған ойынымен, соңында рефлексиясымен өте қызықты, мағыналы болып өтті.