Балаларды салауатты өмір салтына насихаттап, жеке тұлға ретінде дамуын, өзара қолдау шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,ептілік, күш, ұтқырлық, тапқырлық және қамқорлыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл іс-шара тәрбиешінің тәрбиеленушілермен бірге шаттық шеңберге тұрып, жеңіл әуен ырғағымен жаттығу жасаудан басталды. Жұмбақшы әжей қонаққа келіп, балаларға жұмбақтар жасырды. Ортаға сайқымазақтар шығып, балалармен бірге жарыс ойындарына қатысты. Көңілді іс-шараның соңы Жұмбақшы әжейдің балаларға дайындап әкелген сыйлықтарын таратумен аяқталды.












