«Айналайын» бөбекжайында 2-ші кіші «Жұлдыз» тобында  «Әсем шарлар аспанда» тақырыбында жаздық іс-шара өткізілді.Іс-шараға барлық балалар қызығушылықпен қатысты.Балаларға қонаққа Сайқымазақ пен Қуыршақ келді.Олар балаларға  әр түрлі ойындар ойнатып,көңілдерін көтерді.Балалар қонақтарға тақпақтарын айтып,ән орындап берді.Мерекенің соңында балалар қонақтармен қоштасып,сыйлықтарын алды.Балалар да , қонақтар жақсы әсерде қалды.