Жыл сайын дәстүр бойынша «Айналайын» бөбекжай-бақшасында өтетін 1 маусым балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Бөбекжай-бақша ауласы гүлдермен, түрлі-түсті шарлармен әдемі етіп безендіріліп, мерекеге бөбекжай-бақшаның барлық топтары және барлық балалары қатысты. Балаларды құттықтау үшін бөбекжай-бақшаның директоры А.Ж.Күлмағанбетоваға сөз берілді, және бала бақша қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды. Мерекені балалардың сүйікті кейіпкері Стефани жүргізді. Әр топ ортаға шығып ән шырқап, билерін биледі. 1-ші Балапан тобының балалары «Балапан» биін өте жақсы орындап шықты. 2-ші Ботақан тобының балалары «Қошақан» әнін шырқап, «Түрлі-түсті шарлар» биін биледі.  3-ші Жұлдыз тобының балалары «Біз балдырған баламыз» әнін орындап, «Шөжелер» биін билеп шықты. 4-ші Күншуақ тобы «Мен ауылға барамын» әнін шырқап, «Чунга-чанга» биін биледі. 5-ші топ бүлдіршіндері  «Бөбектер» әнімен, «Тентек балалар» биін билеп шықты. Әр топпен бірге кейіпкерлерде ортаға шығып отырды. Сайқымазақ, Джамбо ханым, Тауық, Тентек бала, балалармен бірге билеп мерекені көңілді өткізді. Мерекенің жалғасы әр топтың ойын алаңдарында жалғасын тапты.  Мереке көңілді, ойдағыдай өтті.