Мамыр айының 22 жұлдызында “Айналайын” бөбекжайында ересек “Қарлығаш” тобының тәрбиеленушілері “Қош бол, балабақша” атты мерекелік ертеңгілігін өткізді.Мерекеге Білім елінен Білім ханшайымы,  балалардың қуанышын бөлісуге ертегілер елінен Сайқымазақ келіп, балалардың өнерлерін тамашалап, олармен бірге түрлі ойындар ойнады. Бүлдіршіндеріміз өздерінің  апайларына деген жылы лебіздерімен,мың бұрала билеген билерімен,балғын дауысты әсем әндерімен жиналған қонақтарды тәнті етті.Ертеңгілігіміз соңы балаларымыздың шар ұшыруымен аяқталды.