8-наурыз  мерекесіне орай «Айналайын» бөбекжай-бақшасында «Қарлығаш» ересектер тобымен «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.

Ертеңгіліктің мақсаты: балалардың аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру,анаға деген махаббатын өздерінің өнерлері арқылы жеткізу.

Балалардың  өнерлерін тамашалауға қонаққа Көктем,Қызыл телпек және Қасқыр келді.

Балалар Көктеммен  бірге  би билеп,ертегі кейіпкерлері Қызыл телпек пен Қасқырмен бірге ойындар ойнады.

Ата-аналармен «Шаш өру» сайысы өткізілді. Аналарына арналған тақпақтарын ,әндерін айтып, «Полька» биін биледі.

Мерекенің соңында балалар аналарына дайындаған сыйлықтарын сыйлады.Аналарымыз  балаларының өнерлерін тамашалап,қуанышты көңіл-күйде болды.

 Ко дню 8 марта в яслем саду «Айналайын»  со старшей группой “Қарлығаш” был проведен утренник на тему «Ана өмірдің гүлі».