«Ертегі бізге ең алдымен халықты

мінездейтін құрал ретінде қажет»

Ы.Алтынсарин 

    «Айналайын» балабақшасында үстіміздегі жылдың 23-ші қаңтарында педагогтарға арналған семинар кеш өтті. Семинар мақсаты: педагогтарға психологияда қолданылатын ертегітерапия әдісімен толығырақ таныстыру және мектепке дейінгі мекемеде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолдану тәсілдерін көрсету.

     Психологияда ертегітерапия ең жас бағыт. Ертегітерапия арқылы біз балалардың тілін, ойлау қабілетін, қиялын дамытамыз, сонымен  қатар баламен психотүзету, психотерапия жүргіземіз. Яғни баланың бойындағы жағымсыз қасиеттерді жеңуге.Мысалы: тұйықтық, ұялшақтық, өте белсенді балаларды тыныштандыру, бала бойындағы қорқыныш сезімдерді жеңу, сияқты мінездерімен жұмыс жасауға болады.

     Семинарда  «Ертегітерапия әдісі» туралы мини лекция және педагогтарға әр түрлі ойындар, тренингтер, жағдаяттар ұсынылды. Ойындарда, жағдаяттарда ертегітерапия аясында болды.

     Семинар соңында практикалық жұмыс болды. Практикалық жұмыста ертегітерапияның – психотерапиялық түрін қолдана отырып педагогтарға әр түрлі жаттығулар, тапсырмалар берілді. Психотерапиялық ертегілер – бұл көңілді аулау ертегілері, бойдағы жағымсыз эмоцияны жеңу, болған жағдайдың мазмұнын тереңірек анықтайтын ертегілер.

      Психотерапияның төрт әдісі бар. Осы әдістердің үш түрін 3 команда жеке топ болып орындады, ал төртінші әдісін барлығы  өз алдына жеке орындап шықты.