10-шы желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіз елдің бақытты ұстаздары!» атты спорттық сайыс өткізілді. Сайысқа балабақша тәрбиешілері қатысты. Сайыскерлер өз ұрандарымен таныстырып өткеннен кейін жарыстың бірінші кезеңі жалғасты. Сайыс 6-кезең болды. Спортты серік еткен сайыскерлер ойынға белсене қатысты. Қызыққа толы сайыста қазылар алқасы- қорытындылап, жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орынға «Сұңқар» тобы ие болса, «Тұлпар» тобы екінші орынға қол жеткізді. Ал, «Алға» тобы үшінші орынды қанағат тұтты. Сайыскерлеріміз грамоталармен марапатталды.












