Үстіміздегі 2014 жылдың 21 қарашасында Қарағанды қаласында «Сарыарқа Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен VІІІ Республикалық инновациялық- педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге осы облыстың түкпір-түкпірінен келген педагогтар қатысты. Бұл ұйымдастырылған фестивальдің мақсаты: педагогтардың жаңа заман талабына сай жұмыста қолданып жатқан инновациялық бағдарламаларын ортаға салып, көпшілікті таныстыру.
Фестивальдің облыстық кезеңі Қарағанды қаласындағы «Болашақ» университетінің қабырғасында педагогтардың басын қосты. Фестиваль басталмас бұрын «Сарыарқа Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының аға әдіскері Есетова Дина Касымовна сөз сөйледі және бүгін ұстаздарды қарсы алып жатқан «Болашақ» университет ректоры
Меңлибаев К.Н. сөз сөйлеп, қысқаша университет жаңалықтарын айтып өтті. Педагогтар жұмыстарымен танысып және тексеріп отырған әділқазылар алқасы - университет ұстаздары болды.
Осы VІІІ Республикалық инновациялық- педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңіне «Айналайын» балабақшасынан «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту» бағдарламасымен балабақша директоры А.Ж.Кульмаганбетова мен педагог-психолог Х.К.Искакова және екінші «Қызықты математика» (ересек топтарға арналған) бағдарламаны әзірлеген балабақша директоры А.Ж.Кульмаганбетова мен балабақша әдіскері Д.М.Хизирова барып қайтты. Әр бағдарламаның презентациясы ұсынылды және әділ қазылар алдында қорғалды. «Айналайын» балабақшасының ұсынып отырған бағдарламалары облыстық деңгейде көрсетуге және қорғап шығуға лайықты болды. «Айналайын» балабақшасының қатысушылары облыстық кезеңінен сертификат алып оралды, сонымен қатар қуана айтатын жағдай «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту» бағдарламасы ІІ жүлделі орынға ие болып, балабақша директоры А.Ж.Кульмаганбетова мен педагог-психолог Х.К.Искакова дипломмен марапатталды.
Ендігі алдағы белес - ол Республикалық фестиваль болып отыр. Бұл фестиваль Алматы қаласында өтеді. Бар бойдағы күш-қуатты, жүргізіліп жатқан жұмысты, іс-тәжірибиені жинақтап Республикалық деңгейге шығару «Айналайын» балабақшасының алға қойған мақсаты.
Алдағы уақытта Республикалық фестивальға қатысушыларға шын көңілмен сәттілік тілейміз.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/213-viii-respublikaly-innovatsiyaly-pedagogikaly-ideyalar-festivalini-oblysty-keze-inde.html#sigFreeId05fa2b525a












