Ертеңгілікті өткізудегі басты мақсат балаларды еңбек сүйгіштікке, елін – жерін, отанын және де әрбір мамандықтың иесі болу үшін ұстаздың берген білімінің қажет екенін түсіндіру болды. Балалар ертеңгілік барысында бір – бір мамандықтың иесі болып киініп, саяхатқа шықты. Саяхат кезінде жол бойында кездескен тосын сәттерге әр мамандық иелері өз міндеттерін атқара отырып, қолын жарақаттап алған аюға, үйін салып жатқан күшікке, орманшы атаға және қарға достарына көмек көрсете білді. Балалар өз іс – әрекеттерімен ата – аналарды, балабақша қызыметкерлерін таң қалдырды. Ертеңгілік соңында мамандық таңдау үшін білім мен тәрбие балабақшадан басталатынын түсініп, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, ән салып, би – билеп, гүл шоқтарын сыйлады.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/212-azan-ajyny-ekinshi-zh-ldyzy-k-ni-ajnalajyn-b-bekzhaj-ba-shasyny-baldyr-an-orta-y-tobyny-t-rbieshisi-sagatova-tamara-zhaksybek-yzy-stazdar-merekesi-arsa-ynda-mamandy-ym-ma-tanyshym-atty-erte-gilik-tkizdi.html#sigFreeIdfa4e2b0323












