2014жылдың 17шілде айында І кіші топ «Ботақан» тобында «Машаның туған күні » атты жазғы сауықтыру іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: балаларды мультфильм кейіпкерлерін қатыстыру арқылы өтілген іс-шараға қызығушылығын ояту. Ақыл-ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Маша қызбен аю туралы мағлұмат беру.
Іс – шараға ертегілер елінен Маша қызбен Аю кейіпкерлері қонаққа келді. Олар балалармен түрлі қимылды ойындар ойнады. Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы.
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Сондықтан балалар ертегі кейіпкерлерін қуана қабылдап, олармен қосыла ойын ойнап, бір жадырап қалды.
Балалар ойын алаңында саусақпен сурет салу ойыны ойнатылды. Балалар Машамен бірге қосылып, құмға түрлі өрнектер, мәселен, жүректің,гүлдің,торттың бедерін түсірді. Ойын соңында Машаға арналған қимылды өлеңдер айтылды. Сонымен қатар Машаға арнап құмның астына жасырынған сыйлықты балалар асқан көрегенділікпен дәл тапты.
Іс-шара соңында Маша мен Аю балаларға ертегілер елінен естелік ретінде әкелген сыйлықтарын таратты. Сүйікті ертегі кейіпкерлерімен суретке түсу балалар үшін өте қызықты да,ұмытылмас сәт деп ойлаймын.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/211-mashany-tu-an-k-ni.html#sigFreeIda75cb66f5d












