2014 жылдың 18 шілдесінде «Айналайын» бөбекжай-бақшасында II кіші сәбилер «Жұлдыз» тобында  «Дәрумендер еліне саяхат» тақырыбында жазғы іс –шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Балаларға жемістердің,көкөністердің  дәруменге бай екенін,денсаулыққа пайдалы екендігін түсіндіріп,бау-бақшаға саяхатқа шығып,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту.

Балалар жемістер мен көкөністер туралы тақпақтарын айтты. Тақырыпқа сай әр  түрлі жұмбақтар шешті.Балаларды  қызықтыру мақсатында әр түрлі  топтық ойындар ойнатылды. Балалар жемістер мен көкөністердің денсаулыққа қандай пайдасы бар екенін ,оларды қалай пайдалану керектігін білді. Дәрумендерге толы жеміс-жидектерді, көкөністерді жеп жүрсе ауырмайтынын  ұғынды.Барлық бала іс-шараға белсене қатысып,ойындарды да қызыға ойнады.