Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры.
Осы жылдың 14-ші шілдесінде «Айналайын» балабақшасында әр жастағы қыздар арасында «Қалпақпар мерекесі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік жазғы ойын-сауықтыру шарасы ортаңғы топ тәрбиешісі Саккулова Х.Б. өткізді. Мерекеге қатысқан қыздар: «Балапан» тобынан: Медетқызы Еркеназ, Нуридин Інжу; «Ботақан» тобынан: Арқабаева Айсана және Мырзабек Дария; «Жұлдыз» тобынан Бекен Әсел; «Күншуақ» тобынан: Аман Алана, Бақытжанқызы Гүлсезім,Тура Жанель, Шадыбай Іңкәр және Сейілхан Аружан.
«Қалпақтар мерекесінде» қонақта Көбелек, Жалқаубек, Алаңғасар да болды. Ертегі кейіпкерлері қыздар киген қалпақтарды қызыға тамашалап, қыздарға түрлі ойындар ұсынды: «Ойыншықты қалпақтың ішіне салып жүру», «Иесін тап», «Қалпақтарды атып түсіру», «Аюдың қалпағын безендіру». Әр кейіпкер ойнатқан түрлі ойындары қызықты және тартымды өтті. Көбелек өзінің нәзіктігімен, сұлулығымен қыздарды ортаға «Қалпақтар кеші» атты биге тартты. Мереке соңында қыздар мен мереке қонақтары бірігіп «Біз бақытты балалар» атты әсем әнді айтты.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/209-zhajdarly-zhaz.html#sigFreeIdbd7f0b99b3
Жаздық мереке кеші өте қызықты, көтеріңкі көңіл-күймен өтті. Соңында ата-аналарға да үлкен рақмет айтамыз, балалардың әр қуанышына , қызығына ат салысып өз шығармашылық қасиеттерін көрсете білді. Әр қатысқан қыздың басындағы қалпақтары ата-аналардың өнерлерін шындай түсті.
Балабақша педагог-психологы
Х.К.Искакова












