Қарағанды қаласында 2014жылы 26 ақпанда Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының «Өзін-өзі тану – жаңа заман педагогикасы» тақырыбында І І Облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияға «Айналайын» балабақшасының директоры Күлмағанбетова А.Ж. және тәрбиешілер Саккулова Х. мен Досаева А. қатысты.
Конференцияның бірінші бөліміндегі пленарлық отырыста Қарағанды облысы білім беру ұйымдары өкілдерінің «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың өзекті мәселелері туралы баяндамалары тындалды.
Конференцияның екінші бөлімінде «Толағай» балабақшасында секциялық отырыс жүргізілді. Секциялық отырыстар«Шеберлік класс» түрінде өтті. Тәрбиешілер Саккулова Х. және Досаева А. «Мектепке дейінгі мекеменің және отбасының рухани-адамгершілік тұрғыда оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі өзара әрекеттестігі» тақырыбында «Шеберлік класс» көрсетті.
Өткен конференцияның педагогтарға беретін жемісі мол, педагогтар өздері жүргізген жұмыстарымен , тәжірибелерімен алмасуы алдағы уақытта көп нәтиже береді деген ойдамыз.Бұндай конференцияларда теория мен практика арасында арасы үзілмейтін көпір пайда болады.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/204-k-p-bilgen-azdy-ylmas-birge-jrenip-b-lisejik.html#sigFreeIdd292bae1d0












