«Балапан» тобында оқу іс-әрекетінен тыс қимыл қозғалыс арқылы балалардың дене бітімінің дұрыс дамуына жағдай жасау мақсатында «Кедергілерден аттап өту» атты сауықтыру ойыны өткізілді. Ойынға 12 бала қатысты. Балалар жіңішке тақтайдың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүріп өтіп, қолындағы допты домалату арқылы нысанаға тигізу әрекетін қызыға жасады. Ойын соңында балалардың тыныс жолдарын ашу мақсатында ойнатылған «Шар үрлеу» ойыны балаларға базарлық болды.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/203-kedergilerden-attap-tu.html#sigFreeIdd10850d771












